jasqazaq.kz

Алматыда 7 пәтерді тонап кеткен әйел ұсталды

25 қыркүйек 2017, 15:58

Алматыда 7 пәтерді тонап кеткен әйел екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленетін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, әйел жеті пәтерден түрлі мүлікті тонап кеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, ол пәтерлерді 2017 жылдың 9 мамырынан 13 шілдесіне дейінгі аралықта тонап жүрген. Пәтерлерден ұялы телефондар, қымбат бұйымдар, сөмкелер, әмияндар, тіпті usb-модемдер ұрланған. «Таугүл», «Мамыр-3» және «Мамыр-7», «Ақсай-3» және «Ақсай-3А» және № 10 ықшамаудандағы пәтерлер тоналған. Сот отырысында әйел кінәсін толықтай мойындады. Оған қатысты үкімді Алматының Әуезов аудандық соты шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде