jasqazaq.kz

Алматыда 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

18 маусым 2022, 12:39

Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды. Озат түлектерге тиісті марапатты қала басшысы Ерболат Досаев табыстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның ішінде 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың үздік түлектерін құттықтап, оларға жоғары оқу орындарына түсу кезінде табыс тіледі.

«Жылдар бойы ұстаздардың сенімін, ата-ананың үмітін ақтап, білекке емес, білімге ғана сенетінін дәлелдей білген түлектерімізге «Алтын белгі» тапсыруға жиналып отырмыз. Қадамдарың сәтті болсын жас түлектер»,- деді Ерболат Досаев.

Он бір жылғы білімнің белгісі — орта білім аттестатын биыл Алматыда 12 мыңнан аса және төрт республикалық мектептің 559 түлегі алды. Олардың 574-і алматылық, 31-і республикалық білім ошақтарынан жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атанды.

«Ұлы Абай «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», деп айтқандай, жоғары білімді, білікті маман болып, болашақта еліміздің, қаламыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз»,- деді шаһар басшысы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр