jasqazaq.kz

Алматыда 5G желісі қашан енгізіледі?

27 қараша 2019, 17:47

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқов қалада 5G желісін енгізу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапарбек Тұяқов бүгін Almaty Invest Forum аясында «Қазақтелеком» АҚ-мен меморандумға қол қойылғанын айтты. «Біз оптоталшықтардың қай жерде жетпей тұрғанын білеміз. Мамандар қалада желілер қай жерде жетіспейтіндігі, қай жерде сұраныс көптігін талдаудан өткізді. Осыны ескере отырып, біз қалада ең тұтынушыларға қажеттілігі жоғары жерлерді анықтадық. Бүгінгі келісімшарт аясында коммуникациялық жобаларды кешенді жүзеге асыратын боламыз. Бұған тек 5G кірмейді, мұнда оптоталшықтар да бар. Біздің есеп бойынша бұл жобалардың құны 200 млрд теңгеге дейін барады. Бұл – қыруар қаражат. Бұл жобалар қаланың коммуникациялық инфрақұрылымын арттыратын болады», — деді Сапарбек Тұяқов. Қала әкімінің орынбасары 5 жылдағы жоспармен бөлісті. «Сұраныс бар жерлерге, оптоталшықтар бар жерлерге 5G желісін қосамыз. Бұл үшін тұтас қаланы қамтудың қажеттілігі жоқ. Қалада креативті индустрия паркі ашылатынын айтқан болатынбыз. Ол жерге мәселен, мықты инфрақұрылым, супер компьютерлер, мықты байланыс, ғаламтор керек», — деді әкімнің орынбасары.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда