jasqazaq.kz

Алматыда 50-ден астам көлікті ағаш басып қалды

18 ақпан 2020, 16:55

Кеше Алматы қаласында қалың қардың салдарынан 200-ге жуық бұтақ пен ағаш құлады. Салдарынан 50-ден астамы жеке көлікке зақым келтірген. Қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, «109» қызметінің құтқарушылары мен аудандық әкімдік қызметкерлері құлаған ағаштарды тазалау үшін аталған жерлерге барады. «Көптеген жағдайда құтқарушылар құлаған ағашты алыптастау үшін үшін арнайы құралды, гидравликалық жүк көтергіш кранды қолданды. «109» қызметіне келіп түскен қоңыраулар тез арада өз шешімін тапты»,- деп хабарлайды құтқару қызметі. Сонымен қатар, құтқару қызметі тұрғындарды қалың қар немесе нөсер жаңбыр кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

«Коммуналдық және қалалық қызметтер қабылдаған шұғыл шараларға қарамастан, мегаполистің кейбір аудандарында ағаштардың құлауы мүмкін. Жарақат мен ауыр зардаптардың алдын алу үшін, ағаштар мен көпқабатты үйлердің қасында жүрмеуге кеңес береміз. Сондай-ақ, көліктеріңізді қар басып қалған ағаштың түбіне қоймаңыз»,- деп толықтырды қалалық құтқару қызметі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия