
Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың ісі сотқа жолданды, хабарлайды ҚазАқпарат.
«Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», — деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.