jasqazaq.kz

Алматыда 4 базар сүріледі

27 тамыз 2019, 16:06

Түрксіб ауданында орналасқан 4 базар сүріліп, қайта салынатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Павел Кулагин айтты.

Түрксіб ауданында орналасқан Алматы-1, Сейфуллин даңғылындағы Ақбұлақ, Алтай базары, вокзал маңындағы Керуен базары сүріліп, қайта салынатын болады. «Базарларды модернизациялау бойынша жобалар дайын. Ең үлкені – М.Шолохов көшесінің бойындағы Алматы-1, базары. Онда жобаға сай жаңа базар салынады. Бүгінде инвесторлар құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобасын дайындауда. Базардың бір бөлігін бұза бастадық. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылуы мүмкін. Сондықтан ондағы саудагерлер уақытша басқа базарларда сауда жасайтын болады», — дейді Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлер қызметі мен сауданы дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. «Қазір ауданда 10 базар жұмыс істеп тұр. (Үміт, Баһар, Арман, Алтай, Сапар, Керуен, Ақбұлақ, Мехрениса, Жетісу, және Түрксіб жәрмеңкесі). Алты базар модернизациядан өтті. Осы жылдың аяғында «Алтай» және «Керуен» базарлары қайта қалпына келтіріледі. Ондағы инвестиция көлемі 90 млн теңгені құрады, сонымен қатар «Ақбұлақ» және «Алматы-1» базарларын жаңарту 2020 жылға жоспарланған», — деп толықтырды П.Кулагин.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда