jasqazaq.kz

Алматыда 300-ден астам адамды кене шаққан

16 сәуiр 2019, 15:12

Үндістанда кене шаққан әйел Алматыда кене энцефалиті диагнозымен ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бөлім басшысы Әнел Мұсаева айтты. Оның сөзінше, Алматыда наурыздан бастап кене шаққан 314 адам ауруханаға жүгінген. Оның 158-і — 14 жасқа дейінгі балалар. «Науқастардың барлығы кенеге қарсы иммуноглобулин алды. Сәуірде шетелден келген бір адамның кене энцефалитін жұқтырып келгені анықталды. Шымкенттік әйелді Үндістанда кене шаққан. Медициналық көмек алмаған. Қазір әйел Алматыдағы ауруханада емделіп жатыр», — деді департаменттің бөлім басшысы Әнел Мұсаева. Департамент өкілдерінің айтуынша, кене энцефалитінің адын алу мақсатында әрі кенелердің санын азайту үшін қалада екі мәрте зарарсыздандыру жүргізіледі. «Биыл 1 сәуірден бастап 2354,17 га аумақта кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілді. 8 орманды саябақ, 121 қала паркі өңделеді. Бірінші кезеңде 1295,26 га аумақ өңделді», — деді Әнел Мұсаева. Табиғатта кенелер наурыздан қазанға дейін белсенді түрде көбейеді. Оларға +18-20 градус температура мен 80 пайыз ылғал ыңғайлы. Мамандар осы уақыт аралығында табиғат аясына шығатын адамдар мен туристерге бірнеше қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Табиғат аясында бірқалыпты киім киіп, киімнің балағын етіктің ішіне салып жүру керек. Киімнің жеңдері білекті қысып тұруы тиіс. Ал басқа орамал тағып жүрген жөн. Шөпке отыруға, жатуға болмайды. Кене шаққан жағдайда 3 тәулік ішінде дәрігерлерге қаралу қажет.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда