jasqazaq.kz

Алматыда 25 мамырдан бастап барлық ХҚКО мен дәмханалар ашылады

21 мамыр 2020, 18:28

Алматы әкімдігі 25 мамырдан бастап барлық дәмхана, мейрамхана, ХҚКО-ы ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов айтты.

«18 мамырдан бастап туризм, ұялы байланыстың абоненттік бөлімдері, банк бөлімшелері, қаржы секторы толық ашылды. 25 мамырдан бастап карантин режимін босаңсыту аясында қаладағы барлық сауда үйлерін, сауда ойын-сауық орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қалада осындай 140 нысан бар екен. Сонымен қатар, мейрамхана, дәмханалар да ашылады», — деді ол.

Оның айтуынша, мұндай мекемелерде келушілердің санына қатысты шектеу жоқ.

«Ең бастысы — санитарлық талаптар толық орындалуы тиіс. Үстелдердің арасы 2 метрден кем болмауы керек. Бір үстелге бір отбасының 4 адамы ғана отырғаны абзал. Қоғамдық тамақтану орындары 23:00-ге дейін ғана ашық тұрады. Бірақ банкет, той жасауға тыйым салынады»,- дейді ол.

Сондай-ақ, Алматыда осы уақытқа дейін санитарлық талаптарға сай келмеген соң жабық тұрған азық-түлік базарлары да ашылады.

«Бұл ашық типтегі базарларда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сенбі күні аудит болады. Одан бөлек қаладағы барлық қонақ үйлер, ХҚО ашылады», — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Аудит ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ғана жүргізіледі.

«Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындарына қатысты талаптарды жариялады. InfoAlmaty.kz сайтында бәрі жазылған», — деді Қанат Сағындықов.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде сауда ойын-сауық орталықтарында бутиктер, мейрамханалар, химтазалау ашылады. Екінші кезеңде — қоғамдық тамақтану орындары, яғни фудкорт, үшінші кезеңде — кинотеатрлар, ойын-сауық алаңдары ашылады.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі