jasqazaq.kz

Алматыда 230-дан астам ойын терминалы жойылды (видео)

10 қараша 2020, 10:59

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа тиесілі 230-дан астам ойын терминалдары жойылды. Бұл туралы Қаржы мониторинг комитетіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. 

Терминалды Алматы қаласы Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп жүзеге асырған.

«Іс-шара барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесіне қатысты соттың қаулысымен 230-дан астам ойын терминалдары жойылды. Олар Алматы аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан», — делінген хабарламада.

«Олар 2 заңсыз ойын залын ашып, 60-тан аса ойын орындарында терминалдарды (дүкендерде, көлік жуу орындардында, компьютер клубтарында, базарларда) орнатқан.

Сондай-ақ, ойын терминалдарын жасап келген қоймалар анықталған болатын.

Іс бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі қылмыстық істер бойынша Арнайы мамандандырылған сотының үкімімен ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігі («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру»), 262-бабының 1,2-бөлігі («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару»), 367-бабының 4-бөлігі («Қылмыстық топпен пара беру») деректері бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды», — делінген комитеттің хабарламасында.

https://youtu.be/GDgP1B4LEpg

Дереккөзі: tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия