Алматы қаласында коронавирус жалпы 218 медицина маманынан анықталды.
Бүгінде Алматыда індетті жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны – 218. Олардың 182-сі Орталық қалалық клиникалық ауруханасының мамандары. 30 қызметкер — Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының, 2-еуі — шұғыл медициналық жәрдем станциясының, 1-еуі — № 1 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Сондай-ақ № 11, 32 және 12 қалалық емханаларында КВИ-ге шалдыққан бір-бір медицина маманынан анықталды. Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық өңдеу жұмыстарына жабылды. Қазіргі уақытта қаланың стационарларында Алматы облысының бір пациентін қоса алғанда, барлығы 311 адам ем қабыладуда. Жағдайлары — қанағаттанарлық. Қайтыс болғандар саны — 2. Жазылып шыққандар саны — 58.
coronavirus2020.kz