jasqazaq.kz

Алматыда 21 жастағы алаяқ сатушыларды жалған түбіртекпен алдап кетті

27 қазан 2021, 17:54

Алматыда 21 жастағы алаяқ сатушыларды жалған түбіртекпен алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тәртіп сақшылардың айтуынша, У.есімді азамат интернеттен “Iphone” маркалы ұялы телефондарды сату туралы жарнамаларды тапқан.

– Ол сатушылармен алдын-ала кездесуге келісіп, хабарландыруда көрсетілген сомаға жалған онлайн-аударым түбіртегін дайындаған, яғни қаскөй кездесуге дайындалып келген. Қылмыстық жолмен алынған ұялы телефондарды үшінші тұлғаларға сатқан. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті қолға түсті. Қазір оның қатысуымен төрт алаяқтық фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша қозғалды, – деп хабарлады, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Полиция қызметкерлері алданғандардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

– Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727, – деді Е.Ысқақов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық