jasqazaq.kz

Алматыда 2 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

25 тамыз 2017, 10:50

Алматыда 2 жасар бүлдіршін ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шаңырақ шағын ауданы тұрғыны хабарласқан. Отбасы далада ойнап жүрген 2 жастағы баласын таппай қалған. Есімхан Аниздің анасы түскі 11-ден бастап оны іздей бастаған. «Үйде барлығы ұйықтап жатқан. Бала сыртқа шығып кеткен. Жақындары баланы жан жақтан іздеген. Қазір арнайы іздестіру тергеу тобы құрылды», — деді ІІД өкілі Салтанат Əзірбек. Баланың бойы 70-80 см, шашы қара, көздері қара. Үстінде ақ күрте, аяғында көк аяқ киім болған. Оны іздеуге қазір Алматы полициясының гарнизоны жұмылдырылды. Полиция Есімхан Анизді көрген адамдар болса 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде