jasqazaq.kz

Алматыда 19 эко-бекет қойылатын болады

04 ақпан 2021, 16:37

Алматыда көктемде қалаға кіретін барлық жолдарға экопост орнату басталады. Онда автокөліктердің шығарындылары тексеріледі. Бұл туралы Алматы әкімінің әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.

Алматыдағы ЖЭО-2 базасында Қазақстанның жаңа экологиялық кодексі талқылануда. Іс-шараға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және экобелсенділер қатысып жатыр. Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 2020 жылы Алматыда қоршаған ортаға жалпы шығарындылар 140 мың тоннаны құрады. Қала ауасының негізгі ластаушысы – автокөлік, ЖЭО-2, ЖЭО-3 және жеке сектор. Сонымен қатар, ол 2020 жылы Алматы әкімінің қаулысымен дизельді отынмен жүретін автобустарды сатып алуға тыйым салынғанын атап өтті.

«Бүгінде қалада электрмен жүретін 17 жаңа автобус бар. Биыл тағы 39 автобус сатып алу жоспарда», — деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Оның айтуынша, көктемде қалада 19 экопост орнатылады. «Алматыда көктемде қалаға кіретін барлық жолдарға экопост орнату басталады. Онда автокөліктердің шығарындылары тексеріледі»,-деді ол.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді