jasqazaq.kz

Алматыда 17 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікпен екі ер адам ұсталды 

02 маусым 2022, 16:40

Алматыда кәмелетке толмаған қыз баланы айуандықпен өлтірген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Алмалы аудандық полиция басқармасына 2005 жылы туған қыздың анасы жүгінді. Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған. «Е. есімді қыздың қайда жүргенін анықтау мақсатында тергеу тобы құрылып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар адамдарды анықтады. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз олармен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктілер 17 жастағы қызды өлтіргендерін мойындаған. «Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп, Қапшағай су қоймасына жақын жерге көміп тастаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп атап өтті департаменттен. Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша полиция басқармасы жүргізетін болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр