jasqazaq.kz

Алматыда 16 тамыздан бастап демалыс күнгі локдаун алынады

13 тамыз 2021, 17:25

ДСМ қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Садуақас Байғабұлов Алматыда демалыс күндердегі локдаун 16 тамызда аяқталатынын мәлім етті.

Оның мәліметінше, келесі аптадан бастап қаладағы Ashyq жүйесінің қатысушылары Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты жұмыс істейді. Мегаполистегі демалыс күнгі локдаун 2 тамыздан 16-сына дейін созылған.

Айта кетсек, 14-15 тамызда, демалыс күндері бірқатар нысандар өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Бұл шектеулер мына мекемелерге қатысты емес:

орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары;
құрылыс жұмыстарын, өнеркәсіп ұйымдарын ұйымдастыру;
байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, Тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау және басқалар);
гүл дүкендері, фотосалондар;
туркомпаниялар, бизнес-орталықтар;
қызметтің жекелеген түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің қызметтері және басқалар).
қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кетуге және жеткізуге арналған.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия