jasqazaq.kz

Алматыда 15 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды (Видео)

02 қыркүйек 2021, 14:23

Алматыда аса ірі мөлшерде есірткі сатқан қылмыскер 15 жылдан кейін түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың шілде айында Алматы қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге 2006 жылдан бері аса ірі мөлшерде есірткі сатқан деген күдікпен іздеуде жүрген 42 жастағы ер адамды ұстады.

2004 жылдың 12 шілдесі күні жоғарыда аталған адам алдын ала келісім бойынша “К” есімді азаматқа 30 келіден астам “марихуана” сатқан.

Тінту жүргізу кезінде күдіктінің учаскесінен жалпы салмағы 74 келіден асатын жеті қап және бір полиэтилен “марихуана” пакеті тәркіленген. Ал күдікті адам қылмыс жасалған жерден белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері алғашқы іздестіру шараларын жүргізді, содан кейін күдіктіге іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша мұқият және тыңғылықты жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 15 жылдан кейін қылмыскер құрықталып, қылмыстық іс қозғалды», – деді ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық