jasqazaq.kz

Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

21 ақпан 2020, 11:33

Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде. Жоғалып кеткен оқушы туралы ақпарат қалалық білім басқармасының Facebook парақшасында пайда болды. Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлы 8 сыныпта оқиды. Ол 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға кеше кешкі сағат 21-де хабарласқан. Баланы іздеп табу үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар бар. «Іздеу жұмыстарына волонтерлер де тартылды. Қазір қаладағы барлық сауда үйлері мен компьютерлік клуб қызметкерлеріне баланың суреті таратылды. Іздеу жұмыстары түнде басталды. Бала аман–есен табылады деген үміттеміз», — дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия