jasqazaq.kz

Алматыда 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

14 маусым 2019, 10:20

Алматыда зорлыққа ұшырай жаздаған 15 жастағы қыз көз жұмды. Ол өзіне қол жұмсаған.

#НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова Facebook желісінде мәлімдегендей, 15 жастағы қыз 9 маусымда өзіне қол салған. Дәрігерлер оның өмірі үшін 3 күн бойы күресті. Өкінішке орай, қыз 12 маусымда көз жұмған.

2018 жылдың 26 қыркүйегінде оқушы қыз 19 жастағы танысының туған күнін атап өтуі үшін, үйіне барған. Жігіт сол жерде оны жақындарымен таныстыратынын айтыпты.

«Ол қызымды алдап, пәтерге алып барды. Өзінің туған күні екенін, үйіне шақырып, жақындарымен таныстырғысы келетінін айтқан. Қызым ештеңеден күдіктенбепті. Алайда пәтерде ешкім болмай шығып, екеуі оңаша қалады. Ол қызымның үстіндегі киімін шешпек болған. Қызым шалбарын шешуге жол бермей, қолынан келгенше қарсыласып, артынша қашып шығыпты», — депті қыздың анасы 2018 жылы.

Сол жағдайдан кейін оқушы қыздың қандай күйде жүргеніне қарамастан, мектеп психологы оған қысым көрсетіпті.

«Бетпе-бет кездесу, көп кемсіту болды. Тергеуші анасының көз алдында кемсіткен. Ал жауап алу кезінде болған психолог жандарм сияқты. Тергеушінің кабиетінде отырып, жәбірленушінің әрекеттеріне баға беретін кәсіби психологты елестете аласыздар ма? Қыз 14 жаста, ал жігіт 19-да. Психолог: «Сен не ойладың?» — дейді. Ол ойланбаған болуы мүмкін, зорлауды жоспарлаған шығар. Ал қыз не ойлады? Өзін зорлағысы келетінін түсінбеді ме? Иә, ол түсінген жоқ. Тіпті, солай күдіктенген күннің өзінде, төбелесе алатынына, өз күшіне сенді. Сол оқиғадан кейін қыз шашын қиып тастады», — дейді Дина Смайылова.

Дереккөзі: Stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық