jasqazaq.kz

Алматыда 15 жасар бала табылмай жатыр

19 желтоқсан 2019, 18:22

Алматыда із-түзсіз кеткен 15 жастағы интернат тəрбиеленушісін іздеуге полиция, еріктілер, интернат қызметкерлері атсалысып жатыр. 

Дамир Серікұлы Н.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернатынан 12 желтоқсанда кетіп қалған. Кетерінің алдында хат жазып, анасына қалдырып кеткен. «Таңертең таңғы асқа барудан бас тартты. Ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Бірақ хат жазып кеткен. Оны бізге анасы көрсетті. Хатында жасөспірім онымен ешкім сөйлеспейтінін, барлығы теріс айналатынын айтып шағымданған. Бұл хат интернаттан табылмады. Бізде ондай болуы мүмкін емес. Ол интернатта қонып жүрген. Балалардың барлығы Дамирмен бірге ойнап, сабақта сөйлесіп отыратындарын айтты. Олармен сөйлестік. Мүмкін біреуге ренжіген шығар. Біз ескертпей кетіп қалады деп ойламадық. Оған ешкім қысым көрсеткен жоқ. Өзіміз де аң-таң болдық. Интернат ұжымы оны күтіп отыр. Полицияға арыздандық. Қазір барлық іздестіру тобы Дамир баруы мүмкін жерлерді аралап жүр»,- деді интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Жұмаділова. Алматы қалалық білім басқармасының мəліметінше, іздестіру жұмыстарына екі топ жұмылдырылды. Əрқайсысында 40-50 адам бар. «Интернат қызметкерлері кезекпен тəулік бойы жұмыс істеп жатыр. Барлық базарлар, компьютерлік клубтар, 1-2 вокзалдар, Сайран автовокзалы, сауда орындары түгел тінтілді»,- деді білім басқармасынан.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда