jasqazaq.kz

Алматыда 14 көлік айып тұрағына қойылды

04 сәуiр 2020, 21:59

#үйдеотыр

Алматыда төтенше жағдай режимін елемегені үшін 14 автокөлік айып тұрағына орналастырылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Өткен тәулік ішінде, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына (төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес 19 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде әкімшілік қамауға алу – 12, айыппұл – 7. Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6-тармағына сәйкес көшеде негізсіз жүргені үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і қамауға алынды, 3 адамға айыппұл салынды. Қалада карантин басталғаннан бастап 292 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 147 адам әкімшілік қамауға алынса, 139 адамға айыппұл салынды, 6-на ескерту берілді. Қазіргі уақытта қалада жаяу патрульдік жұмыстарға 3 мыңға жуық адам тартылған, олардың 1 мың 500-і полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігінің 400-ге жуық әскери қызметшісі және Ұлттық ұланның 1 мың 500 әскери қызметкері, олар тұрғындарға үйде отыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 997 патрульдік бағыттар жасалды. Жалпы алғанда, Алматыдағы карантиндік шараларға Департаменттің және Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамынан 5 мың 500-ге жуық адам қатысады. Қалада 26 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды, оған 208 полиция қызметкері тартылды. Жалпы бір тәулікте қала бойынша қозғалу құқығы бар-жоғына 6,540 автокөлік тексерілді. Аудандық ПБ-на бақылау-өткізу бекеттерінен 21 автокөлік жүргізушілері қалада ешқандай себепсіз жүргендері үшін жеткізілді, 14 көлік құралы айыппұл тұрағына орналастырылды. “AИС БДД” АӨК-нің 3 сәуірдегі талдауы бойынша қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетті. Сонымен, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта камералар арқылы тіркелген көліктер саны 3 мың 764 болды(АШАЖ, Райымбек-Саин, Сейфуллин-Жансүгіров, Төлеби-Розыбакиев) барлық бағытта. Осыған ұқсас уақыт кезеңінде 11 наурызда аталған көшелердегі көлік саны 15 мың 386 құрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде