jasqazaq.kz

Алматыда 13 жасар қызды зорлаған азамат ұсталды (Видео)

24 наурыз 2022, 15:32

Алматыдағы Жамбыл облыстық ІІД жедел әрекет ету тобы 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген 37 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ТМД елдерімен бірлесіп «Іздеу» атты арнайы операция өткізген. Операция аясында республиканың криминалдық полициясының қызметкерлері аса ауыр және ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар жүргізді.

Іс-шара нәтижесінде Қостанай облысының Лисаковск қаласында іздестіру жұмыстары бойынша Алматы облысының қалалық полиция департаменті өзінің бұрынғы әйелін өлтірмек болғаны үшін қаңтар айынан бері іздеуде жүрген 30 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының Алға қаласында 2021 жылдың қыркүйегінде мейрамханада пышақ жарақатын алған облыс орталығының екі тұрғынын өлтірмек болғаны үшін іздеуде жүрген 52 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны құрықталды.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында 2021 жылдың маусым айында Қызылорда қаласында пышақ жарақатын алған 25 жастағы жігітті өлтірмек болғаны үшін іздеуде жүрген 43 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны қолға түсті.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр