jasqazaq.kz

Алматыда 12 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

28 ақпан 2018, 16:50

Алматыда өткен жылы 12 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот жүйесінде былтыр ешбір судья қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Алайда, Алмалы ауданының судьясы Құсайынов процессуалды істен тыс байланысқа шыққаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды», — сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов. Сонымен қатар сот төрағасы сот жүйесі саласында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер туралы тілге тиек етті. Оның айтуынша, Алматыда 18 соттың 156 залы аудио бейне жазу жүйелерімен жабдықталған. Атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Төрелік», «Талдау форумы», «Ахуалдық орталық», «Аудио-бейнебақылау» жүйелерінің арқасында азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, қағазбастылықтан құтылу мүмкін болды. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Бақытжан Қараманов Электронды қылмыстық іс жобасы тергеу уақытын қысқартуға материалдарды бұрмалануын азайтуға мүмкіндік беретін атап өтті. Бұл уақыттан бері сотқа электронды форматта 55 іс түсіп, 5 іс қаралған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық