jasqazaq.kz

Алматыда 110 науқас модульдік ауруханадан жаңа бөлімшеге ауыстырылды

02 желтоқсан 2020, 17:58

Алматыда коронавирус жұқтырған 119 пациент модульдік ауруханадан жаңа бөлімшеге ауыстырылды.

И.Жекенова атындағы «Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК жаңа филиалы жұмысын 30 қарашадан бастаған болатын. «Жаңа модульдік госпиталь биыл 26 сәуірден 29 қарашаға дейін үздіксіз жұмыс істеген болатын. Модульдік ғимаратты дезинфекциялық өңдеуге жабу үшін біз жаңа бөлімшеге көшіп жатырмыз», — деді И.Жекенова атындағы «Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утағанова.

Оның айтуынша, модульдік ауруханада 135 пациент болған. Олардың кейбірі жағдайының жақсаруына байланысты шығарылды. Кейбірі үй карантиніне жіберілді.

«Медициналық қызметкерлер 4 күнде көшіп кетті. 119 пациент 30 қарашада бір күн ішінде ауыстырылды», — деді ол. Көшу жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Бұл процедура бастапқыда коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде жоспарланған болатын. Модульдік госпиталь қаланың денсаулық сақтау жүйесінің резервінде болады. Covid-19 диагнозы қойылған пациенттердің саны артқан жағдайда аурухана іске қосылады. Бас дәрігердің орынбасары пациенттерді суық түскен соң ауыстырып жатыр деген қауесетке жауап берді. «Пациенттер неге олай дегенін білмеймін. Дәлізде, палаталарда, көшеде термометрия жүргіземіз. Іштегі температура тұрақты 24 градусты көрсетіп тұр. Пациенттердің дене қызуы 40-тан асып тұрса, тоңуы мүмкін. Алайда, палаталар суық деген шағым түскен жоқ», — деді ол.

Тамара Утағанова аурухананың барлық құрал-жабдықтары орнында қалатынын айтты. Жаңа аурухана заманауи құрал-жабдықпен толық қамтылған. Ол жерде — 500 төсек орын, жансақтау бөлімінде 45 төсек орын бар. Жаңа бөлімше Түрксіб ауданында Дегдар көшесі 10/2 мекенжайында орналасқан. Тамара Утағанованың айтуынша, жаңа ауруханада 20 медициналық қызметкер вирус жұқтырған. Айта кету керек, модульдік аурухана 24 сәуірде Алатау ауданында ашылған болатын. Жалпы ауданы 5850 шаршы метр, 280 орынға арналған ғимаратты салуға 5 млрд теңге қаражат жұмсалған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде