jasqazaq.kz

Алматыда 11 жастағы бала коронавирустан емделіп жатыр

30 наурыз 2020, 17:15

#үйдеотыр

Алматыда 11 жастағы баладан коронавирус анықталды. «Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 73 жағдайы тіркелді, оның жетеуі жазылған. Нәтижесінде бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19-дан ем алып жатқан 66 пациент бар», — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында. Оның айтуынша, жаңадан анықталған алты адамның төртеуі байланыста болғандар, бір пациент 19 наурызда Минск-Алматы рейсімен және тағы біреуі осы күні Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келді. «Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 11 жастағы бала бар, қазір ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында әкесімен бірге жатыр. Қазіргі кезде ауырып жатқандардың жағдайы жақсырап келеді, 58 науқаста – қанағаттанарлық, 1 ересек науқаста – ауыр, 6 ересек адамда орташа ауырлықта және 1 балада орташа ауырлықта», — дейді Тілеухан Әбілдаев. Провизорлық орталықтарда 1 046 адам бар, оның ішінде 102-сі – бала. Алматыдағы провизорлық орталықтар көбейіп, алтау болды. Бұған дейін 4 орталық болған еді. Карантиндік оқшаулау үшін 3 шипажай және бір жатақхана бөлінді. Бүгінгі күні 419 азамат карантинге оқшауланған. Бұл — шетелден келгендер. Олардың барлығы қай елден келгеніне қарамастан, екі күндік карантинге орналастырылуда. Келгеннен кейін олардан COVID-19-ға талдау алынады. Нәтиже теріс болған жағдайда олар үйіне жіберіледі.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде