
Алматыда Қазақ ұлттық зерттеу жобалау институтының мамандары қала билігіне мыңдаған үй сүруді талап ететінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі таңда сүруді талап ететін үйлердің саны 1000-ға жуық. Оларды бұзу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Мәселен Жандосов көшесінің Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасындағы қосқабатты каркас пен қамыстан жасалған үйлер мен кірпіштен тұрғызылған бәкене үйлер сүріліп, олардың орнына 9-12 қабатты үйлер тұрғызылды», — деді ҚҰЗЖИ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров. Оның айтуынша, мұндай нұсқаулықтар Алматының барлық аудандары бойынша берілген. «Өткен ғасырдың 30-40 жылдары аралығында салынған үйлер каркас пен қамыстан, ағаштан тұрғызылған. Олардың көпшілігі эксплуатациялық мерзімінен өтіп кеткен. Бұл үйлер қазіргі сейсмотұрақты құрылыс талаптарына сай келмейді», — деді ол.