jasqazaq.kz

Алматы зообағында әлемде сирек кездесетін поляр қасқырлары вольерге шығарылды

24 маусым 2022, 10:23

Алматы зообағынның қамқорлығындағы поляр қасқырлары вольерге шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы зообағының баспасөз қызметінен хабарлағандай, зообақта екі поляр қасқыры бар.

«Қасқырлар Новосібір зообағынан әкелінгеніне бір айдай уақыт өтті. Олар өткен жылы мамыр айында дүниеге келген. Яғни, екеуі де бір жастан асқан. Аталығының есімі — Бит, аналығының есімі — Бакара. Бөлтіріктері жоқ», — деп хабарлады зообақтан.

Айта кетейік, поляр қасқыры – жер бетіндегі өте сирек кездесетін жануардың бірі. Ол негізінен Арктикада мекендейді, қоян, солтүстік бұғыларымен, т.б. қоректенеді. Олардың әдемі терісі аңшылардың көңілін аударғандықтан, қасқырлардың саны азайып кеткен делінеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр