jasqazaq.kz

Алматы жасыл желекке оранады

08 маусым 2021, 14:06

     Бірер күн бұрын Алматы төріндегі Есентай өзенінің жағалауында 75 түп ағаш отырғызылды. Бұл шара Eurasian Environmental Fund (EEF) коммерциялық емес ұйымы, Mastercard, Еуразиялық банк және Алматы қаласы әкімдігі жасыл экономика басқармасының бастамасымен жүзеге асты. Жиын барысында жоғарыда аталған ұйымдар мен қалалық жасыл экономика басқармасы арасында Алматыда көміртегі үлесін азайту мақсатында экологиялық жобаларды іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аллеяға тал егілгенде карантиндік шаралар мұқият ескеріліп, жұмысты мамандандырылған компания жүргізді. Еуразиялық банк жақсы жерсінуі үшін 75 ағашты өз топырағымен бірге отырғызуды қаржыландырды. Қаржы ұйымы, сондай-ақ, алдағы екі жыл бойы аллеяны күтіп-баптау шығынын өз мойнына аалды.  Жиын барысында сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімдігі жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская әсем шаһардың экологиясына бей-жай қарамаған жобаға қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді. Ол: «Біз былтыр қала бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 282 мың ағаш отырғыздық. Бұрын қалада жылына  егілетін тал 30-40 мың шамасында болатын. Көгалдандыру жұмыстары негізінен Алатау және Наурызбай аудандарының  аумағында жүргізілді. Көктемде 64 мың көшет бой түзеді. Жалпы жыл соңына дейін 300 мың жас тал отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан қала әкімінің 1 миллион ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын қолдау жөніндегі бизнес пен қоғамның кез-келген көмегін қуана қабылдаймыз», — деді.

Жобаға қатысушылар мен журналистер  қауымы 75 түп ағашқа су құйды. Жиынға арнайы келген Eurasian Environmental Fund КЕҰ бас директоры Роза Нұртазина осы жоба жайлы өз пікірін былай жеткізді: «Біз қалалар мен олардың төңірегіндегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдармен және экокөшбасшылармен бірлескен түрлі табиғат қорғау шараларын іске асырмақшымыз. Біздің мақсатымыз — жаһандық экологиялық сын-қатерлерге назар аудару және оларды шешу үшін нақты іс-қимылды жүзеге асыру. Осы мақсатпен 2021 жылдың 13 мамырында «Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Eurasian Environmental Fund (EEF) коммерциялық емес ұйымы тіркелді. Ол АХҚО Жасыл қаржы орталығынынң қолдауымен жүзеге асты».

АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев өз сөзінде:  «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай Қазақстанды көміртегіге тәуелділіктен арылту міндетін қойды. Оны іске асырудың бір тәсілі — қалаларда көгалдандыру ісін қарқынды жүргізіп, жасыл технологияларды енгізу. АХҚО Қазақстанның экологиялық бағдарламасына белсене атсалысып, бизнес пен қоғамдастықты ынталандыру үшін қажетті инфрақұрылымды құрады», — деді.  Еуразиялық банк жасыл қаржы технологиясын пайдалана отырып, өз дамуының жаңа кезеңін бастайды. Енді қала экологиясына үлес қосқысы келген әрбір адам кез-келген қазақстандық банктің төлем картасы арқылы ағаш отырғызуға қаражат аударуға мүмкіндік алады. Алғашқы  NFC-постерлер қаладағы адам көп жүретін ірі сауда орталықтарында орнатылады.

Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Валентин Морозов банктердің қызметі тек қаржылық көрсеткіштермен және  сауатты басқарумен ғана бағаланбайтынын атап көрсетті. Ол: «Банк қоғамның әлеуметтік және экологиялық дамуына (ESG) атсалысуы тиіс! Біздің банктің күш-жігері жасыл экономика жобаларын қолдауға және достыққа арқа сүйейтін экологиялық банк сервисін құруға бағытталмақ. Бұл қашықтан қызмет көрсету арналары мен онлайн-төлемдерді дамыта отырып, пластик пен қағаз пайдалануды біртіндеп азайтып, қайта жаңғыртылмайтын ресурстарды оңтайлы жұмсайтынымызды білдіреді. Біз арнайы банк өнімдері арқылы клиенттерімізбен бірге ағаш отырғызуды жалғастыратын боламыз», — деді.

Бұл жобаның оң өзгерістерге алып келетініне сенімдімін. Қоршаған ортаны қорғау — ортақ ісіміз!», — деді ол.  Ал  Mastercard компаниясының Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка былай дейді: «Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі әрқайсымызға өзінің кері әсерін тигізуде. Бұл, әсіресе, халықтың әлеуметтік-экономикалық осал топтарына оңай соқпайды. Біз бұл жағдайда бизнес экологиялық жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс деп санаймыз. Өйткені ғаламшардың ресурстары сарқылып жатқанда, экономикалық өрлеуге қол жеткізу мүмкін емес».

Жобаға қатысушылардың басты мақсаты — Алматы экологиясын жақсартуға үлес қосу. Қала тұрғындарына таза ауа, жайлы өмір сыйлау. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай жоба алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мақпал Ноғайбаева

 

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде