jasqazaq.kz

Алматы жанар-жағармай тапшылығын сезініп отыр

25 маусым 2021, 14:39

Алматы қаласының жүргізушілері жанар-жағармай тапшылығын сезініп отыр. Станциялардың кейбірінде жанар-жағар май жоқ болса, кейбірі оны тек талонмен ғана береді.
КТК телеарнасының хабарлауынша, солярка сататын жанар-жағармай станциялары санаулы ғана. Оның өзінде баға шарықтап кеткен.

Ол тек талонмен сатылады. 205 теңге егер талон болса. Ал мен оны қайдан аламын? Біз соляркаға жұмсалатындай ақша таппаймыз. 230 теңгеден сатып алып жүрмін. Амал жоқ, жұмыс тоқтап қалады онсыз, — деп шағым айтты тұрғындардың бірі.

Көлік жүргізушілерінің жанар-жағармай іздеп, станцияларды аралап жүргеніне неше күн. Бұған дейін тапшылық Тараз бен Шымкент қалаларында орын алған. Ол жерде ұзын-сонар кезек қалыптасып, жанар-жағар майдың литрі 300 теңгеге жеткен болатын.

Энергетика министрлігі Алматы қаласында 10 мың тонна жанар-жағармай бар екенін, алдағы күндері қосымша екі мың тонна жеткізілетін айтады. Министрліктегілер жағдай бірнеше күнде тұрақтанды деп сендіруде.

Алайда сарапшылар жағдай тұрақталғанымен, баға бұрыңғыдай болмайды дегенді алға тартып отыр. Өйткені елде жанар-жағармай бағасы өте арзан.

Баға бұған дейін де өскен, әлемдік орташа бағаға жеткенге дейін өсе береді де. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ, дүниежүзілік сауда ұйымдары аясындағы келісімдер бар. Біз бағаны осылай ұстап тұрсақ, арзан өнімдерімізге өзге елдерден сұраныс артады. Бізде баға көп уақыт бойы төмен болып тұрды, — дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов.

baq.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия