jasqazaq.kz

Алматы вокзалында жоғалып кеткен қыз ауруханадан табылды

12 қазан 2017, 11:47

6 қазанда Алматы-1 вокзалында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың әпкесінің айтуынша, ол қаладағы ауруханалардың бірінен табылды. «Біз эпилепсия болғанын білдік. Бей-жай қарамаған адамдар жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізген. Ол әлі ауруханада ем алып жатыр. Жақында шығады, үйге алып кетеміз. Аман-есен, оны іздестіргендердің барлығына алғыс айтамын», — деді әпкесі Әлия Кенжеқараева. Еске сала кетейік, осыған дейін 5 қазанда үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Қыздың туыстарының айтуынша, 28 жастағы Айжан Кенжеқараеваны соңғы рет Алматыдағы 1-ші теміржол вокзалының маңынан көргендер болған. «Соңғы телефон қоңырауы 6 қазанда сағат 13.00-де болған, телефон түнгі 23.00-ге дейін қосулы болған, одан кейін байланыс үзілген. Содан бері оралмады, біз полицияға хабар бердік», — деген едіі әпкесі Әлия Кенжеқараева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде