jasqazaq.kz

Алматы вокзалында ер адам ауыр жарақаттанды

13 қантар 2020, 17:37

Алматыда №2 теміржол вокзалы ғимаратының бетонды қаптамасы ер адамның үстіне құлап кетті. Оның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Науқас шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына ауыр халде (бас-миының жабық жарақаты, бірнеше қабырғасының сынуы, гематороксы бар қос өкпесінің соққы алуы, плевропульмоналды шок, бел омыртқасының жарақаты, жамбасының жарықшақты сынығы, травмалық шок) жеткізілді. Дәрігерлер жансақтау бөлімі жағдайында диагностикалық және емдік шаралардың толық көлемін жүргізді», — деді басқарманың баспасөз қызметінен. Дәрігерлердің айтуынша, екінші тәуліктен соң науқастың омыртқасына ота жасалып, титан қойылды. «Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Оңалту шаралары жасалып жатыр. Науқас барлық медициналық көмекті қажетті көлемде алды», — деді ведомстводан.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық