
Алматыда ұрланған заттарды сатып, ақша тауып келген ер адам ұсталды.
33 жастағы Түркістан облысының тумасы Алматының шетіндегі үйінде ұрланған заттарды қабылдап отырған. Ер адамның үйінен түрлі тондар, цифрлық техника, гаджеттер табылған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сот тінту санкциясына сәйкес тексеру жүргізілді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, Байдәулетовтың үйінен 184 ұялы телефон, 154 ноутбук, 10 нетбук, 7 теледидар, 29 видео және фотоаппарат, 1 проектор, 6 ерлер сөмкесі, 8 құндыз тон, 6 қолсағат, 26 ноутбук сөмкесі, 80 телефон қабы, 15 қуаттағыш құрал табылған. Ол ұрылардың әкелген заттарын сатып алып, басқаларға қымбат бағамен сатып отырған. Мәселен, нетбуктерді 7 мың теңгеден алып, 14-15 мыңға сатқан», — деді қалалық полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері осы қылмыстық тізбектің басында тұрған, алыпсатарға затын әкеліп өткізіп отыратын қылмыстық топты әшкереледі. Екі ер адам оқу орталығынан 400 мың теңгенің затын алып бара жатқан жерінен ұсталды. «26, 31 жастағы жастар — Алматы мен Түркістан облыстарының тумалары екен. Бұлар мұның алдында да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Енді үшеуі де уақытша оқшаулау орнына қамалды. Бүгінде олардың 6 қылмысқа қатысы бары анықталды», — деді Ысқақов. Құқық қорғау органдары алыпсатардың үйінен табылған заттарды қылмыстық жедел мәліметтердегі жоғалған заттармен салыстыруды бастап кетті.
Осыған байланысты затын жоғалтқан адамдар 254-43-93, 8-705-212-21-21 нөмірлеріне хабарласса болады.
https://www.facebook.com/251792965359327/videos/435024250360404/