jasqazaq.kz

Алматы тұрғынына басқа адамның айыппұлдары салынған

09 желтоқсан 2020, 10:39

 

Алматы тұрғыны «Сергек» камераларына қатысты мәселелерге шағымданды. Жазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Ер адам «Сергек» оның көлігінің нөмірін қате тіркейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осы мәселеге байланысты алматылық жүргізушіге басқа адамдардың айыппұлдары келеді екен.

«Сергек» Q әрпін О әрпі деп таныған. Айыппұлда көрсетілген телефон нөмірі қоңырау шалу мүмкін емес. Сәт сайын МАИ-ға барып, дәлелдеп отыруым керек пе? Айыппұл жазған адамның өзі Gelаndewagen мен ЗАЗ-ды ажырата алмай ма?» — деп жазды алматылық тұрғын.

Алматы полиция департаменті Сергекке қатысты мәселелерді түсіндірді.

«Күн сайын жүйе бірнеше мыңдаған айыппұлды автоматты түрде тіркейді, уәкілетті қызметкер олардың әрқайсын тексеріп, ЭЦҚ қояды. Бұл жағдайда қате берілген айыппұл жойылады, базаға түзетулер енгізілді», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, жыл соңына дейін Алматыда тағы 362 «Сергек» орнату жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде