jasqazaq.kz

Алматы тұрғыны жалған әуебилеттер сатқан

10 наурыз 2022, 11:39

Алматыда 2020 жылдың басынан бері азаматтарға жалған әуебилет сатқан әйел анықталды.

Алматы полициясының мәліметінше, күдікті өзін туристік агенттік қызметкері ретінде таныстарған. Сөйтіп, клиенттерге ұшақ билеттерін сатқан. Ол бұл әрекетін 2020 жылы қаңтарда бастаған, ал соңғы рет 2021 жылы қазанда сатқан.

«Жалған мәміле жасалған. Клиент мұны тіркеу кезінде рейс жолаушыларының тізімінде жоқ екенін білген кезде ғана түсінген. Жәбірленушілерден 12 арыз түсті», — деді Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Деректер бір іс жүргізуге біріктіріліп, ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергелетіні айтылды. Күдіктінің бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде