jasqazaq.kz

Алматы тұрғыны бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті

18 маусым 2021, 11:46

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті. Бұл туралы Алматы қаласының ПД хабарлады.

Оқиға 17 маусым күні кешке болған. Жедел-жәрдем мен полицияны Жетісу ауданының тұрғындары шақырды. Қалалық полиция департаменті мәліметінше, бұрынғы күйеуіне жас келіншек өзі келген. «Ол күйеуінен көлікті тұраққа дейін айдап баруды өтінген. Ер адам рульге отырған кезде, әйел қозғалып бара жатқан көлікке отырмақшы болған. Сол кезде оны көлік басып кеткен. Сонымен қатар, ер адамның мас болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды», — деп хабарлады полициядан. Полиция аталған дерек бойынша тексеруді бастады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия