jasqazaq.kz

Алматы тұрғыны азаматтықтан шығарылғанын кездейсоқ біліп қалды

15 қантар 2019, 14:33

Алматы тұрғыны Айсұлу Шаймарданов ойда-жоқта өзінің Қазақстан азаматтығынан айырылғанын біліп қалды. Алайда оған не себеп болғанын түсіне алар емес.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айсұлу Шаймарданова мекен-жайы жөнінде анықтама қағазын алмақ болады. Бірақ оған тиісті анықтама берілмейді. Базада қате деген ақпарат шығады. Кейін көші-қон полициясына барғанда оның азаматтығынан айырылғаны туралы айтады. Басына жай түскендей күй кешкен Айсұлу мұның себебін түсіне алар емес.

Қызметкерлер өзінің атынан 2017 жылы маусым айында азаматтығынан айыруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш жазылғанын ескертеді. Өтініште өзге елдің азаматтығына алатыны көрсетіліпті. Бірақ Айсұлу ондай өтінішті жазбағанын айтып отыр. Алайда оған азаматтығынан айыру туралы бұйрықтың нөмір көрсетілмегін хабарлаған.

Дәл қазіргі жағдайда Айсұлу өзінің Қазақстан азаматы екенін, әлде айырылғанын білмей дал. Өзінің туу туралы куәлігі мен өзге құжаттарын көрсетті. Егер Қазақстанның азаматы болмасам, бұл елде қалай заңсыз жүрмін деп таңғалды.

“Бүгін-ертең келіп мені елден қуып жіберетіндей күйде жүрмін. Мені азаматтығымнан қалай айырады. Еш себепсіз. Маған түсінікті емес”, – дейді тұрғын.

Сыртқы істер министрлігі бұл істі тексеріп жатқанын мәлімдеді. Ал, істің анық-қанығы қашан анықталады, ол жағы белгісіз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда