Алматы әкімдігі тұрғындар коронавирус инфекциясын жиі жұқтыратын жерлерді атады.
Өткен аптада Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,2 есеге — 5 483 жағдайдан 6 818-ге дейін артты. Тәуліктік өсім 1,3 пайызды құрады. Туыстары және көршілерімен байланыс кезінде инфекция жұқтыру саны 0,2-0,4 пайызға артты. Азық-түлік емес дүкендерде инфекция таралуы жағдайларының саны 0,1 пайызға және қоғамдық тамақтану нысандары- мейрамханаларда, дәмханаларда және асханаларда — 0,2 пайызға, моншалар мен сауналарда — 0,4 пайызға өскен.
Жалпы, санитарлық қызмет статистикасы бойынша соңғы жеті күнде коронавирус жұқтыру негізінен сауда нысандарында — 35 пайыз, отбасындағы байланыстар — 19 пайыз, қоғамдық көлікте — 16 пайыз, базарларда — 14 пайыз, саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған көшелерде, демалыс орындарында — 3,6 пайыз тіркелген.
Жас бойынша коронавирус 20-40 жас аралығындағы жастар арасында басым — 38 пайыз, 40-59 жастағы тұрғындар — 25 пайыз және 60 жастан асқан адамдар — 20 пайыз. Басқа жастағы адамдар арасында іс жүзінде көрсеткіш өзгеріссіз.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері карантинді бұзу бойынша 39 жағдай анықталған. Көбінесе карантин жұмыс режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтын ойын-сауық орындарында бұзылады.
Tengrinews.kz