jasqazaq.kz

Алматы тұрғындары емен және қарағашты отап тастағандарға наразылық білдірді

23 қараша 2020, 12:22

Алматыда Sulpak сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды.

Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді.  «Sulpak және Small түнгі 4.00-те 10 емен ағашын заңсыз кесіп тастады. Енді олар бұл істі жымын білдірмей жауып тастағысы келіп жатыр. Бұл оқиға 22 қарашада болған», — деді Instagram-дағы жазбада. Бұл оқиғаға байланысты әкімдік түсінік берді. Олардың айтуынша, Төле би көшесіндегі 187-үйде орналасқан ғимараттың жанындағы талдарды кесуге рұқсат берілмеген. «Қазір аудан әкімдігі мен ПД кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң ПД оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты зерттеу жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», — деді әкімдіктен.

 ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде