jasqazaq.kz

Алматы тауларында екі бойжеткен адасып кетті

02 сәуiр 2019, 22:22

Алматы тауларының Фурманов шыңы маңайында екі бойжеткен адасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 сәуірде 13:55-те Алматы қаласы Құтқару қызметіне 1992 және 2002 жылғы екі бойжеткеннің тауда адасып кетіп, қайтар жолды таппай қалғаны туралы хабар түсті», — деп хабарлады Алматы құтқару қызметінен. Бойжеткендер таңертең тауға серуендеуге шығып, Фурманов шыңы маңайындағы Кімасар аңғарына кетіп қалған. Күндіз ауа райы бір мезетте өзгеріп, олар қайтпақшы болған. Алайда, қалың тұманнан қайтар жолды таппай қалған. «Құтқарушылар экипажы оларды іздеуге барды. Жоғалып кеткен бойжеткендер табылды. Құтқарушылар оларға жылы киімдер беріп, Құтқару қызметінің бөліміне алып келген. Ол жерде қыздарды туыстары күтіп алды. Іздеу-құтқару операциясына 1 техника, 5 құтқарушы, 1 жүргізуші тартылды», — деп атап өтті ведомстводан.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда