jasqazaq.kz

Алматы тауларынан 19 жастағы студент қыздың денесі табылды

11 сәуiр 2018, 18:45

Алматыда 19 жастағы студент қыздың денесі таудан табылды.

Алматыда орналасқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Дария бейсенбі күні үйінен шығып, университет жаққа асығып кеткен. Жұма күні оның денесі тау жақтан табылды. Бұл туралы отбасының жақыны Мейрамгүл Исатай Фейсбукте жазды. «Ауыр қайғы. Небәрі 19 жаста. Арманшыл еді, ағылшын тілінің маманы болғысы келетін. Бейсенбі күні таңертең Алматы қаласындағы үйінен универдегі сабағына асығып кеткен. Бірақ сабаққа бармапты. Жансыз денесі кеше тау жақтан табылды. Жауқазындай жайнаған Дарияның өліміне кінəлі қара ниеттілер де анықталар. Аллам тек анасы Гүлбаршынға үлкен сабыр беріп, о дүниеге кеткен Дарияны алдынан жарылқасын!», — деп жазды Мейрамгүл Исатай. Марқұмның жақындары оның кісі қолынан қаза тапқанын айтады. Ал Алматы қалалық ІІД бойжеткен суицидке барған деген алдын ала болжам жасап отыр. «Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала өзіне қол салған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді