jasqazaq.kz

Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

23 желтоқсан 2019, 10:57

Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан жолдар жабылды. Қазір барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Халықаралық маңызға ие Алматы-Ташкент тасжолында кешелі бері көлік қатынасы үзілген, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Жолда жүздеген жүк көлігі, оның ішінде жолаушылары бар 40-тан астам автобус қалып қойған. Қарлы боранның құрсауында қалған 26 көлік сүйреп шығарылып, 140 адам Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізілген. Оның 8-і бала. Құтқарылғандар жергілікті мәдениет үйі мен мектептерді паналаған. Тағы 500-ге жуық адам бет алған бағыттары бойынша пойызбен жөнелтілді. Көлік қозғалысы қашан жанданатыны белгісіз. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығынан облыстық маңыздағы жолдар да жабылған. Қазір Жуалы ауданы, Жаңатас пен Қаратау қалаларын жалғап жатқан жолмен жүру мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде