jasqazaq.kz

Алматы-Талғар жолында 50 жастағы әйелді көлік қағып, мерт болды 

06 маусым 2022, 13:09

Алматы облысында 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусым күні «Subaru Impreza» көлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақатының салдарынан оқиға орнында мерт болған.

«Алматы-Талғар жолының 12-ші шақырымында 50 жастағы әйел адамды көлік қағып, мерт болды. Машинаны 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны тізгіндеген. Алдын ала болжам бойынша, жаяу жүргінші жүруге болмайтын жерден өткен. Қазір сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде