jasqazaq.kz

Алматы супермаркеттерінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды

24 қараша 2021, 15:07

Алматыдағы «Магнум» супермаркетінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды. Бір сатып алушыға әр өнімнен 5 келіден ғана сатып алуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Инстаграмдағы krispi_almaty парақшасында супермаркеттен сурет жарияланды. Сатып алушылар дүкен тарапынан қойылған бұл шектеуге наразылық білдірді. «Магнум» супермаркеті шектеудің не үшін қойылғанын түсіндірді.

«Арам ойлы кәсіпкерлердің алып-сатуын болдырмау үшін бір қолға 5 келіден беріледі», — деп хабарлады дүкен өкілі.

Алматы кәсіпкерлер басқармасында ақпаратты растады.

«Магнум» супермаркеттерінде картоп пен қант сатылымына расында да шектеу қойылды. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылды. Бұл әлеуметтік қажетті өнімдермен халықты теңдей қамтамасыз ету және қолжетімді бағаны ұстап тұру мақсатында жасалады», — деп хабарланды мекемеден.

Басқармадағылардың айтуынша, алып-сатарлар таңғы уақытта өнімнің көп бөлігін сатып алып, өз дүкендерінде қымбат бағаға сатып келген.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді