jasqazaq.kz

Алматы прокуратурасы жедел жәрдем қызметін тексеруге қатысты ақпаратты жоққа шығарды

15 сәуiр 2021, 17:42

Алматы прокуратурасы қаладағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқандары туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Алматы қаласының прокуратурасы Жедел медициналық қызметіне қатысты ешқандай тексеріс тағайындамаған немесе жүргізбеген», делінген ресми сауалға берілген жауапта.
Олар қаланың құқық қорғау органдары да жедел жәрдемге қатысты тергеу жүргізбегенін қоса жеткізді.

12 сәуірде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева прокуратураның қаладағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқанын мәлімдеген еді.

Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметін арнайы комиссия тексерді. Барлық істер қосымша тергеу үшін прокуратураға тапсырылды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымына келетін болсақ, арыз түскені рас, бірақ олар құқық қорғау органдарына берілді, — деп жауап берді Сұлтанғазиева.

Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды:

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл ақпарат дұрыс жеткізілмеген, себебі ол арада кейбір мәлімет бұрмаланған.
Олар іс жүзінде жедел жәрдем қызметіне қатысты «құзырлы органдармен бірлесе, кешенді тексеру жүргізіліп жатыр» деген сөз болғанын ескертті.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия