jasqazaq.kz

Алматы полициясы «Жібек жолы» базарын тексеріп шықты

03 қазан 2018, 15:03

Алматы полициясы қолды болған заттардың базарларда саудаға түсуіне жол бермеу үшін жедел-алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алатау ауданында орналасқан «Жібек жолы» автобөлшек базары аумағында ҚР заңын бұзған азаматтарды, әсіресе көші-қон саласындағы тәртіпке бағынбағандарды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары рейд жүргізді. «Рейдке ІІД және ІІБ жеке құрамының 100 қызметкері атсалысты. Шара барысында 97 автобөлшек сататын нүкте, 15 техникалық қызмет көрсету стансасы, ҚР ІІД базасындағы күдікті деген 82 адам, 34 автомобиль құралдары тексерілген. Рейд кезінде ҚР ӘҚБ туралы кодекстің 434, 440, 441, 449, 505, 517, 518, 519 баптары бойынша 64 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Алатау ауданы ІІБ-на 97 адам жеткізілсе, оның 34-і көші қон заңын бұзған. Қабылдау бөліміне құжатсыз жүрген 9 адам қамалды»,-деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов. Бұдан бөлек Алматы ІІД ұрланған заттарды сатқан немесе сатып алған азаматтар ҚР ҚК 196 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді