
Қып-қызыл төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматы қалалық полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Видеоның сипаттамасында төбелестің қала ортасындағы «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы жерде болғандығы айтылған.
— Төбелес Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында болған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелес кешті бірге өткізген таныс адамдар арасында болғаны анықталды. Барлық бұзақылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі қарайғы шара қолдану үшін құқықтық баға беріледі, — деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментіндегілер.
https://www.instagram.com/p/CGXLk5UnDCW/?utm_source=ig_web_copy_link