
Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болғаны туралы хабарлады. Полиция департаменті өкілдері хабарламаға түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде Республика алаңында әскери және полиция көліктері жиналып тұрған видео тарады. Автордың сөзінше, түнде Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында атыс болыпты-мыс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматының Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, бұл аймақта қылмыстық істі тергеу аясында тергеу тәжірибесі өткен. Полиция өкілдері сабыр сақтап, ресми ақпаратқа сенуді сұрады.