
Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінді.
Полиция департаментінің мәліметіше, зардап шеккендердің ұжымдық өтініштері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Толықтылық,объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып,процессуалдық шешім қабылданады.
«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Алматы қаласы ПД ҚБ-не өтініш беру немесе 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797 телефондарына қоңыраулары қажет», — деп хабарлады полициядан.
ҚазАқпарат