jasqazaq.kz

Алматы полициясы Ілияс Кардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

06 ақпан 2019, 12:46

Алматыда полиция өкілдері 2018 жылы желтоқсанда жол апатын жасаған Ілияс Кардың ісі туралы айтып берді. Болған жол апатынан үш адам қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Қылмыстық істің тоқтатылғаны жайлы ақпарат жалған. Бұл қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Ол ұсталғаннан кейін әлі қамауда. Біз адамдардан тек ресми ақпарат көздерінен жарияланған жаңалыққа сенуді сұраймыз және жалған ақпараттың таралуына себепші болмаңыздар деп айтқымыз келеді», — дейді полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. Құқыққорғаушылар БАҚ немесе басқа да желі арқылы таралған жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін мәлімдеді. Айта кетейік жол апаты 29 желтоқсанда болды. Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen мен Mitsubishi Galant соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл автокөлік қарсы бағытқа шығып кеткен. Кейін желіде жол апатының бейнежазбасы таралған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде