jasqazaq.kz

Алматы полициясы бір жылға жуық іздеуде болған алаяқты ұстады

30 қыркүйек 2021, 12:26

Қаскөй Алматы облысы Талғар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталды. Ол 1988 жылы туған Б. есімді азамат болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 2019 жылы қылмыстық жоспарын құрғ ан. Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақовтың айтуынша, Б. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қазіргі уақытта тергеу 3 қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Ал жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Қаскөй алдын ала ойлап тапқан жоспар бойынша «жұмыс істеді». Ол адамдардың сеніміне кіріп, кепілдікке қойылған көліктерді нарықтық бағадан төмен сомаға сатып алуды ұсынды. Жәбірленушілерге интернеттен алынған көліктердің суреттерін көрсетті. Адамдар «сатып алу» үшін 100% төлем төлеген», — деді Есен Ысқақов. Бұрын жас жігіттің заңмен ешқандай мәселесі болмаған екен. Алайда, полиция қызметкерлері бұл адамның қолынан зардап шеккендердің көп екендігіне сенімді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия