jasqazaq.kz

Алматы полициясы азаматтарды қыс мезгілінде самокатқа мінбеуге шақырды

09 қараша 2022, 12:06


Алматы қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қыс мезгілінде электросамокат секілді микро мобильді қозғалыс құралдарымен жолға шықпауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның мәліметінше, қысқы мезгілде самокатпен жүру жүргізуші мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіпті болуы мүмкін.

«Алматы қаласының полициясы аталған көлік түрін қыс мезгілінде пайдаланбауға кеңес береді. Себебі, ол жаңбыр мен қарда пайдалануға жарамсыз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіреді», — делінеді полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, полиция департаменті бүгінгі заңнама бойынша қысқы уақытта бұл құрылғыларды пайдалану ресми түрде шектелмегенін атап өтті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр